Головкинді жеңгеннен кейін «Канело» әлемдегі ең мықты боксшы атанды

0 17

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес пен Головкин арасындағы үшінші айқас кеше Лас-Вегаста өтті. 12 раунд қорытындысы бойынша мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңді. Головкин үшін бұл айқас суперорта дивизионда алғашқы болды. 

Осы жеңіс арқасында «Канело» салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған BoxRec рейтингінде бірінші орынға шықты. Ал Головкин бесінші сатыда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.