Гродековода спорт кешені салынуда

0 6
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөнінде берілген тапсырмасына сәйкес, еліміздің түкпір-түкпірінде спорт кешендері және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды спортқа баулу мақсатында кешендер бой көтеруде. Қазіргі таңда Жамбыл ауданында алдағы уақытта 5 кешеннің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Соның бірі Гродекова ауылында басталды.
Ауылдық округтің әкімі Болат Қожабековтың айтуынша спорт кешенінің орны болып орталық Ақжол көшесі таңдалған.
«Гродеково орта мектебінің жанынан «Жаңа-кемер құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс екі жылға жоспарланған, жобалық-сметалық құны – 308 млн 475 мың теңге. Бүгінде табантасы төселіп, іргесі қаланып жатыр. Құрылыс сапасы мен аяқталу мерзімі бақылауымызда. Спорт кешенін ауылдықтар көптен бері көтеріп келген еді. Бүгінде олардың талап-тілегі ескерілді», – дейді Болат Сатыбалдыұлы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.