Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай айтыс өтті

0 19
Бүгін халық жазушысы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Жай отынан жаратылған намысы» атты облыстық ақындар айтысына қатысып, көңіліміз бір серпіліп қалды.
Облысымыздың әр түкпірінен кілең мықты айтыскер ақындар жиналды.
От ауызды, орақ тілді сөз сүлейлері жергілікті жұрттың шөлін қандырып, рухани кеш сыйлады.
«Айтыс» десе, делебесі қозбайтын қазақ жоқ шығар, сірә.
Айтыс – халық мұрасы. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан-ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді.
Қазақ жанының айнасындай айтыс қилы тағдырлы, бөлекше болмысты қазақтың өзі сияқты, тарих жолында қысталаң-қыспақ пен дәуірлей өрлеудің түрлі кезеңдерін бастан өткергені мәлім.
Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал, осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыруымыз керек.
Нәтижесінде, Бас жүлдені жерлесіміз, ақын, талай дүбірлі айтыстарда топ жарып жүрген Қанат Мырзахан иеленсе, I орынды Байзақ ауданынан келген жас ақын Дархан Әбдіманап қанжығасына салды.
II орынды Байзақ ауданынан Алтынкүл Қасымбекова және Тараз қаласынан Нұрлыбек Құрманов жеңіп алды.
III орынға Айтмұхамбет Исахов, Дидар Апбасов, Бақытбек Жұмабеков және Алина Айдаралы лайық деп танылды.
Басқада айтысқа қатысушы ақындарға Алғысхаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.