Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:54-те Тараз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Абай даңғылының бойында 14 жастағы кәмелетке толмаған баланың 12-қабаттан секіргені туралы ақпарат түсті.
Жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейтін болады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.