2013 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып еңгізілген болатын. Мерекенің негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.
Жиын аудан әкімі Ернар Есіркеповтың, еңбек ардагерлерінің және аудан жастарының қатысуымен өтті.
Еңбектің арқасында талай шыңдарды бағындырған ардагерлеріміздің еңбек жолын жастарға насихаттап, адал еңбекке тәрбилеу мақсатында ұйымдастырылған кездесу еркін форматта өтті.
Кездесуде Жарлысу ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жапарқұлұлы Қадірбек, денсаулық сақтау саласының ардагері Нұрмашев Омарқұл Сүлейменұлы, марафоншы, спорт саласының шебері Тайлақов Еділбек Нұрханұлы, аудандық мәслихат депутаты Айнұр Баймұратова сөз алып, ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі әртүрлі салада қызмет жасап, кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттап, алғысын білдірді.