Еңбек күніне орай Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі ардагерді арнайы құттықтады

0 17

Елімізде қырқүйек айының соңғы жексенбісінде “Еңбек күні” аталып өтіледі. Атаулы мереке қарсаңында аудан әкімі Ернар Есіркепов 83 жастағы Оңалбеков Алпысбай ақсақалдың шаңырағына арнайы барып құттықтады.
Бұл күні, мереке қарсаңында әр салада ауданның өркендеуі мен дамуы жолында еңбек сіңірген бірқатар азаматтарды аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлімдер арнайы барып құттықтады. Алпысбай Баймұратұлы ұзақ жылдар бойы “Үмбет” мал жайылымында фельдшер болып қызмет атқарған. Бүгінде 11 немере, 13 шөберені тәрбиелеп отырған ақсақал ақ батасын берді.
-Қазір заман басқа, көп жақсылықтар болып жатыр. Әр уақытта бақытты болыңыздар. Ел болашағы өздеріңіз, халыққа адал қызмет ете беріңіздер,-дейді еңбек ардагері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.