Адал көмек: 30-дан астам азамат баспана және жер мәселесі бойынша кеңес алды

0 4

Халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Адал Көмек» жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда.

Тараз қалалық ХҚКО-ның №1 алаңында алғаш рет тұрғын үй, жер алу мәселелері, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша азаматтарды қабылдау өтті.

Бұл салалар кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені жер телімдерін бөлу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу мәселелері халық үшін әрқашан өзекті болып табылады. Осы салада жиі қойылатын сұрақтар: жеке тұрғын үй құрылысына 10 гектар жерді қалай алуға болады немесе баспана алуға қандай құжаттар тапсыру тиіс? мемлекеттен пәтер алу қанша уақытты алады, кезекке қалай тұру керек? қандай мемлекеттік бағдарламалар бар?
ХҚО-ға келушілер, сондай-ақ алдын ала тіркелген азаматтар мемлекеттік органдардың басшылығынан заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік алды. Әкімдіктің қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Беркінбек Бижігітов, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров, тұрғын үй қатынастар, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Сіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға жазылу үшін https://zhilfondtaraz.kz/onlain-servisy/poisk-ocheredi-na-zhile ақпараттық сервистік платформасында ғана өтініш бере аласыз.
Ақпараттық қызметке қолжетімділік Қазақстан Республикасының азаматтарына электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, пайдаланушы шартына қол қойған кезде беріледі. «Ақпарат» бөлімінде пайдаланушыны тіркеуге, кезекке тұруға өтініш беруге арналған бейне нұсқаулары және пайдаланушының жеке кабинетіне жалпы шолу кіреді. Сонымен қатар, бұл қызмет үйден шықпай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіңіздің орындалу барысын қадағалауға, кезектегі мәліметтерді өңдеуге өтініш беруге, кезектен шығаруға өтініш беруге мүмкіндік береді.

30-дан астам қала тұрғыны түрлі мәселелер бойынша түсініктеме алды. Қалалық емханалардағы комплаенс-қызметкерлерінің арқасында екі азамат дәрі-дәрмектеріне қолдары жетті.
Жоба аясында кейбір мәселелер заң нормаларына сәйкес одан әрі шешу үшін мемлекеттік органдардың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларының бақылауына алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.