Т.Рысқұлов ауданының құтқарушыларымен дөңгелек үстел өткізілді

9

Тұрар Рысқұлов ауданы №10 Өрт сөндіру бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері мен Аудандағы орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру  бөлімінің дәрігері Әкімбек Ұлдана, аталған аурухананың нарколог дәрігері Келаманова Зауреш және дермотовенеролог дәрігер Құдайбергенова Әсел,  Т.Рысқұлов аудандық прокуратурасының прокуроры 3-сыныпты заңгер Сұлтанов Арман, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу» филиалының аудан бойынша инспекторы Шәмішхан Нұрсұлтан, аудандық Полиция бөлімінің жол патрульдік полиция қызметкері капитан Темірәлі Берекенің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сондай-ақ, осы аталған іс-шара барысында Тұрар Рысқұлов  аудандық ТЖ бөлімінің және  Құлан ауылы №10 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Есірткісіз өмір және жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар», «Коронавирус инфекциясының алдын алу», «Артериалдық гипертензия және донорлық», «Шылым шегу мен алкогольді ішімдіктің адам өміріне зияны» туралы сөз қозғалды. Аталған қызметкерлер «Салауатты өмір салтын» ұстанудың маңыздылығы,  шылым шегу және ішімдік ішудің адам ағзасына кері әсері, КВИ күресу жолдары мен сақтану әдіс-тәсілдері туралы,  сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында, радикалды діни ағымдар жайында сөз қозғап, тың ақпараттар айтты. Одан әрі сөз алған полиция қызметкерімен жеке құрамға жол қозғалысы ережелері мен жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертіліп.. жеке құрамнан сауалнама алынды. Жеке құрам өз кезегінде көкейдегі сауалдарына тиісті деңгейде жауап алды.

Comments are closed.