Айтбай Назарбековтың туғанына — 100 жыл толды

0 22

Биыл Мойынқұм ауданын ширек ғасыр басқарып, құм даланы гүл далаға айналдырған тұлға Айтбай Назарбековтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай, Мойынқұм ауданында қайраткерді еске алуға арналған іс- шаралар өтті. Алдымен жиналған жұрт аудан орталығындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойса, одан кейін ескерткіш тақта ашылып, ғалыми- тәжрибелік конференциямен жалғасты.

Гүл қою рәсімінен кейін Айтбай Назарбеков қызмет істеген сол кездегі әкімдік ғимаратының алдына мемлекет және қоғам қайраткерінің аты жазылған ескертіш тақтайша ілінді. Одан кейін жұрт аудандық мәдениет үйіне жиналып, «Мойынқұмды түлеткен тарлан еді» атты тақырыптағы ғылыми- практикалық конференцияға қатысты. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

Конференцияға жиналған зиялы қауым мен Айтбай Назарбековтың көзін көрген азаматтар оның еңбекқорлығы мен қайраткерлігі туралы үзік сырлармен, ой – толғамдармен бөлісті. Мәселен: Айтекең Мойынқұмды басқарған 1965-1985 жылдары ауданда 14- орта мектеп, 18 балабақша, 6 пошта ғимараты, 10 аурухана салынды. Тіпті, Мойынқұмға ЯК- 40 ұшақтары ұшырылған.

Басқосуда Айтбай Назарбеков туралы жазылған кітаптың тұсауы кесіліп, деректі фильм көрсетілді. Ауданнан шыққан белгілі азаматтарға 100- жылдық мерейтойға арналып шығарылған медальдар табыс етілді.
Сонымен қатар, облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Айтбай Назарбековтың туғанына 100- жыл толуына арналған іс- шаралар легі қазақша күрес, аламан бәйгемен жалғасып, аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала концертпен қорытындыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.