Жамбыл облысында аудиторлық іс-шара қорытындысымен жалпы соммасы144 451,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған

0 17

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) тарапынан «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «ТаразТрансЭнерго» ШЖҚМКК-на (бұдан әрі — Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларының сақталуына жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілген. Аудиторлық іс-шара қорытындысымен жалпы соммасы 144 451,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабы 6-1 тармағының талаптары сақталмай – 141 357,1 мың теңгеге негізсіз төлемдер жүргізілген. Оның ішінде 92 877,0 мың теңге ақша қаражаты банктен шешілгеннен соң кассаға кірістелмеген, 31 948,6 мың теңге көлемінде қаражат 2 (екі) Жеке кәсіпкерге негізсіз аударылған,16 241,0 мың теңге Кәсіпорында қызмет еткен қаржы шаруашылық бөліміндегі қызметкерлерге негізсіз аударылған, Кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға 290,5 мың теңге қаражат негізсіз аударылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 241 бұйрығының 71 тармағының талаптары сақталмай, 3093,9 мың теңге тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды.

Аудиторлық іс құжаттары дәлелдеме құжаттарымен бірге, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінде ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Жамбыл облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.