«Ақниет» ҚК өкілі сотталған азаматтармен  кездесу өткізді

0 43

Жамбыл облысы «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы өкілі: Зүнінқожа Зұлқарнайн Бұрханұлы,Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті №58 мекемесінде мекеменің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының қызметкерлерімен бірлесе ағымдағы жылдың  3-наурызында дінге сенетін сотталушы азаматтарға жеке сұхбат өткізді.

Бүгінгі таңда діни радикалдану белгілерінің бірі болып табылатын құбылыс ол — мазхаб мектептеріне сыни қарау немесе хадис үкімін жоғары қою түсініктерімен тікелей байланысты. Кейбір діндар азаматтар діннің негізгі принциптері «құран және сүннет» болса онда сүннетті бізге сипаттайтын бірден бір құрал ол-хадис деп түсіндіреді.Әрине бұндай тұжырым  сырттай  қарағанда орынды болып табылғанымен, бұның астарында  көптеген меңгеру қажет болған дүниелер жатыр. Міне осылайша олар адамдардың ақиқаттан жырақтауының,ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан негізі берік ғылыми әдістемеден,жүйеден ауытқуына себепші болып отыр. Сұхбаттың басты мақсаты   Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып жазасын өтеушілерге Діни  алауыздықтың  шығу  себептері,  радикалды  діни  көз  қарастың  таралу жолдарын,яғни тузеу мекемесінде отырған сотталғандардың діни радикализмнің таралуын алдын алу болып табылады.

.Сотталған азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға толық дәрежеде жауаптар алды .Алдағы уақытта мекемеге  «Ақниет» ҚК өкілі сотталған азаматтармен  жиі кездесу өткізетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.