Тараз қаласында күдікті азамат қолға түсті

0 64

Жедел ақпаратқа сай, жедел бөлімінің қызметкерлерімен # 58 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтыру ниетімен Ү. азамат қолға түсті.

Бұл азамат 14 дана «трамодол» дәрі-дәрмектерді және 305, 54 грамм «кептірілген марихуананы» негізгі қоршаудан асыра лақтырмақшы болған. Ағымдағы жылы, ұсталынған азамат осымен мекемеге үшінші мәрте тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған кезінде мекеме қызметкерлерімен құрықталды. Қазіргі таңда заң бұзған азамат қамауға алынды.
Айта кетейік, # 58 мекеме қызметкерлерімен сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізу бойынша әкімшілік және қылмыстық шара қолданылатындығы жайлы әр дайым ескертіліп тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.