Студент жастармен кездесу ұйымдастырылды

0 21

Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастырумен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аталған шара барысында жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету айтылды. Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы директоры Қасымхан Естемес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер мен партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарын қалыптастыру және парасаттылық пен жастардың бойынша адалдық қағидаттарын дәріптеу бойынша түсіндіріп және еліміздің өркендеуі жаңадан өсіп келе жатқан жас буындардың қолында екендігі түсіндіріп, Сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.