«Әке – отбасының тірегі» атты аудандық әкелер форумы өтті

0 52

Отбасылық құндылықтарды сақтап, бала тәрбиесіне аса мән беру бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі. Аталған бағытта Байзақ ауданында «Әке – отбасының тірегі» атты аудандық әкелер форумы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Тәрбиелік мәні зор іс-шарада отбасындағы әкенің рөлі жөнінде кеңінен сөз болды. Форум жұмысына қатысқан спикерлер ұлттық құндылық, патриотизм, өмірлік маңызды дағдылар, отбасылық білім және демалыс, мектептер жанындағы әкелер кеңестерінің маңызы секілді тақырыптарға жан-жақты тоқталды.
Форумның «Әке – отбасының тірегі» деп аталуының өзіндік мән-маңызы бар. Себебі отбасы – игі дәстүрлер мен тағылым өнегенің, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбиелік институттардың сақтаушысы. Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні де осында болса керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді.
Бауыржан Момышұлы «Ешкім іштен батыр болып тумайды: ол да мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» дегені тал бесіктен жұққан тәрбиенің отбасылық институттарымен реттелетінін аңғартса керек..
-«Сенімен болашақ» қорының өкілдері әр мектепте болып жатқан жиналыстарға үнемі қатысамыз. Өз тәжірибемізбен бөлісеміз. Сіздер де өз тәжірибелеріңізбен бөлісіп, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосады деп ойлаймын, -деді «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ ЖО филиалының басшысы Дәурен Бағжанов.
Қайтара алмайтын нәрсе болса, ол әкенің отбасына бөлетін уақыты. Байқап отырғанымыздай, әкелер негізінен отбасының қаржылық және материалдық жағына жауап береді. Әрине, қаржылық жағдай өте өзекті, алайда әкенің балаға бөлетін уақыты мен пейілі одан да маңыздырақ. Бүгінгі жиынның түйіні осы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.