Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» инспекторы Б.Атамқұлов Тараз қаласында орналасқан «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» КММ мәжіліс залында 56 жаттықтырушы мен оқушыға «Мемлекет тарапынан діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы», «Дәстүрлі емес діндердің ықпалынан сақтану», «Дәстүрлі діни таным» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Кездесу барысында діндердің пайда болу тарихы, дәстүрлі дін және дәстүрлі емес діндерді ажырату жолдары, дін саласына қатысты заңдар барысы сөз етілді. Қоғамдағы конфессияаралық және дінаралық қатынасты сақтау, радикалдық діни идеологияны алдын-алу, діни сауаттылықты қалыптастыру және интернет желісіндегі күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу мен қоса дін ұстанушылар арасынан радикалды көз-қарасты тұлғаларды анықтау мәселелері талқыланды.