Дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық оқыту семинары өтті

0 11

Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында 2023 жылдың сәуір айының 24-25 күндері Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық 2-і күндік оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді.

Аталған семинарға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының педагог-мұғалімдері, діни бірлестіктердің өкілдері қатысып, 200-ге жуық адам қамтылды.

Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының танымал дінтанушылары мен оқытушылары, психологтар мен блогерлері жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқыды. Тақырыптардың бірі — деструктивті діни ағымдардың арбау жолдары мен қауіп-қатері болса, келесісі — тұрғындардың, әсіресе жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі тәсілдері болды.

Сонымен бірге, казіргі заманға сай Интернет жүйесінде жұмыс жасау үшін заманауи тәсілдерімен арнайы шақырылған SММ маманы да өзінің әдістерімен бөлісті.Дәрістер тыңдалғаннан кейін қатысушылар өзара сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты. Нәтижесінде, семинарға қатысушылар облысымыздың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары бірлескен қимылдар арқылы, дәстүрімізге жат, санамызды улайтын діни ағымдардың алдын алуы керектігі, тұрғындардың діни экстремизмге кері көзқарасын қалыптастыру мақсатында елді мекендерде діни ахуалды тұрақты түрде зерделей отырып, ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысын жандандыруды бірауыздан мақұлдады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.