Ағымдағы жылғы сәуірдің 20-22 күндері аралығында Петропавл қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чемпионатқа 176 полиция қызметкерінен құралған 20 команда қатысты. Жарыс алты салмақ дәрежесінде өткізілді.
Жамбыл облысының Полиция департаментінен іс-шараға 6 қызметкерден тұратын құрама команда жасақталып, толық құрамда жіберілді. Сондай-ақ олар арнайы оқу-жаттығу жиынына қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша 74 келі салмақ дәрежесінде полиция капитаны ПД Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Ерлан Махмутов қарсыластарына дес бермей 1-орынды жеңіп алып, ҚР ІІМ құрама командасына енгізілді.
Ал 100 келі салмақ дәрежесі бойынша полиция лейтенанты ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ерасыл Әзімханов 3-орынға ие болды.