Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұлағат!

0 8

9-мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Аталған мереке қарсаңында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департементі бастығы әділет полковнигі Н.Рыспаевтың бастамасынмен ҚАЖ департементіне қарасты мекеме бастықтары
Тараз каласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлының ескерткіші орналасқан «Жеңіс» саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Ардагерлеріміздің ерлігіне сый-құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз. 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай! -деді Нияз Қанатұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.