Өңірлік ҚХА құрылымдарының өкілдері де қайырымдылық акциясына қатысуда

0 6

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өңірлік ҚХА құрылымдарының өкілдері де қайырымдылық акциясына қатысуда.

Мәселен, Жамбыл облыстық “Ассамблея жастары” РҚБ басшысы Хамида Тұрдыева бастаған бірқатар жастар осы акцияға белсенді атсалысып жүр. Игілікті акцияның демеушісі — Жамбыл облысының мәслихат депутаты Дамир Ташкараев.

Акцияға қатысты жомарт меценат Дамир Ташкараев жәрдемге мұқтаж адамдарға тегін тарату үшін барлығы 1 тонна форель балығын берген еді. Осы мөлшердегі қызыл балықтан 30-ға жуық балық салынған қорапшалар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы ( Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі) мен спорттан дарынды балаларға арналып мамандандырылған облыстық мектеп-интернатқа табысталды. Айта кетейік, қызыл балық салынған бір қораптың салмағы — орта шамамен 7 кг -8 кг-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 5 мамыры күні де жақсылық жасауға келгенде алдына жан салмайтын Ассамблея жастары әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға да форель балықтарын жеткізді.

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні арқау болған мейірімділік акциясында қаламыздың біршама аз қамтылған топтарының өкілдері күтпеген жерден тегін қызыл балыққа ие болып, бір күндік қуаныш болса да көңілдері шарықтап, бір сәт ертегідей күй кешті.

Қайырымды жастардың осынау ізгі істері кім-кімге болмасын үлгі өнеге екендігі айқын. Әлемде көп қиындықтарға қарсы тұратын мейірімділік пен қамқорлық көп болған жағдайда адамзат баласының көңілі тоқ болатындығы сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.