Ассамблея жастары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ұлықтады

0 2

«Біз – қайырымды жастармыз» деген қағиданы ұстанатын жамбылдық ассамблея мейірімді жастары қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды жыл сайын белсенді атқарып келеді.

Бұған дәлел, ағымдағы жылдың 5 мамырында Тараз қаласында Жамбыл облысының ҚХА «Ассамблея жастары” РҚБ мүшелері Жеңіс күні мейрамы қарсаңында “Отан үшін от кешкендер” қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Атап айтқанда үш ардагердің үйіне барып, оларға арнайы сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін айтып, қарияларға шаттық сыйлай білген елгезек жастарымыз әр ардагердің сұрапыл соғыстағы жорығы, бастан өткерген естеліктері туралы да азды-көпті хабардар боп қайтты.

ҚХА жастарынан шын жүректен құттықтаулар мен табыстаулар қабылдаған қарт ардагерлердің бірі 100 жастағы Шалданбай Шаңбаев атамыз еді. Бұл кісі 1942 жылдың тамызында майданға аттанып, ішкі істер күштерінің 227-ші полкінде тіркеліп соғысқа шыққан екен.

Ал, Долганов Виктор Васильевич болса, 1945 жылдың 1 қаңтарында майданға шақырылып, II дәрежелі Отан соғысы”, «Маршал Жуков», «Германияны жеңгені үшін» ордендерімен марапатталған. Сонымен бірге, Ұлы Отан соғысы майданында радиодивизионның барлаушысы болған Иван Федорович Макеев те барлау жұмыстары кезіндегі өзінің, жауынгерлердің ерлігін баяндау арқылы жастардың өзіне деген ерекше назарын аудартты. Бұған қоса ол Харбин, Мукден, Чан-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына да қатысып, соңғы соғыс жортуылын сол Чан-Чюнь қаласында аяқтағандығын атап өтті.

.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.