Сарысу ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті

0 20

Сарысу ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті.  Аудандық білім бөліміне қарасты Балалар-жасөспірімдер орталығы, Балалар шығармашылығы орталығы, Жаңатас қалалық аула клубтарының, спорт мектебінің ұйымдастыруымен Орталық саябақта мерекелік іс-шаралар өтті.

Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов құттықтау сөзімен ашты.
Шара барысында балаларға концерттік бағдарламалар, қойылымдар көрсетіліп, түрлі байқаулар, сурет салу, асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылып, ойындар ойнатылып, спорттық шаралар өткізілді.

Ойынға және сурет салу байқауына белсене қатысқан балаларға тәттілер таратылып, мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.
Спорттық жарыстардың жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, Балалар-жасөспірімдер орталығы, Балалар шығармашылық орталығы балаларының қолымен жасалынған қолөнер және сурет көрмелері көрермендерге ұсынылды.
Жаңатас қалалық өнер мектебінің домбырашылар ансамблінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Саябақтағы қызықты репертуарлар, персонаждар, театрландырылған көріністер, әртүрлі аспаптарда музыкалық композициялар балаларға қуаныш сыйлады.

Балалардың қуанышынан кәсіпкерлерде аянып қалған жоқ. Аудан кәсіпкерлері саябақта балаларға тегін балмұздақтар мен тәттілер таратып, балаларға арналған жәрмеңке ұйымдастырды.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарламамен қатар, «Тоқты мен серке» ертегісінің сахналық қойылымының қойып, «Әлем балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салу байқауын, аудандық кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға тәтті тоқаштар таратып, жас оқырмандарды марапаттады.

Бұл қызықты да думанды шаралар балалар мен жас бүлдіршіндер үшін есте қаларлық және ұмтылмас сәттердің біріне айналары сөзсіз.

Осындай мерекелік іс-шаралар барлық ауылдық округтерде өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.