Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі

0 9

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Агенттіктің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мәжілісі 5 рет өткізіліп, онда жалпы 32 мәселе қаралды, оның ішінде 9 тәртіптік іс және 23  профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 8 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, оның ішінде: мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін7, әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 1 және 1 – іс тоқтатылды.

Қызметтік тәртіпті нығайту, бұзушылықтардың алдың алу,  әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында 72 ұсыныс енгізілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша департаменті

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.