Жамбыл облысы Қордай ауданында спорт нысандарының саны жыл санап артып келеді. Бүгінде аудан бойынша 400-ге жуық спорт нысандары болса, оның ішінде 33 футбол алаңшалары.
Спорттық нысандардың қатары Степной ауылы мен Арал ауылындағы су жаңа футбол алаңшасымен толығып отыр.
Ауыл көркіне сән берген спорттық алаңда үлкен-кіші барлық ауыл тұрғындары бірдей дене тәрбиесі және спортпен айналыса алады. Алаңшаны ашу үшін аудандық бюджеттен 20 миллион 899 мың теңге қаржы бөлінген. Заманауи стандарттарға сай жасалған алаңшалардың құрылысын «ОПС и К» ЖШС-гі жүргізген.
Айта кету керек, биыл Қордай ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарасу және Ауқатты ауылдарында спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі.