«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-күй-дастан» атты челленджін өткізді.
Әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен ұлттық аспаптары болады. Қазақ халқының да өзіндік салт-дәстүрлері мен ұлттық аспаптары жетерлік. Халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, ұлттық аспаптарымыздың бірі – домбыра. Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлесі бар, домбыраның қасиеті қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Добыра үні тыңдаушысын жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытады. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтап, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мерекеміз екені сөзсіз. Домбыра қазақтың музыкалық мәдениетіндегі шоқтығы биік аспап.
Осы орайда, ұлттық құндылықтарымыздың ұлық нышаны — Домбыраның дүбірі әрқашан рухымызды көтеріп, елдігімізді еңселі ете берсін!