Сарысу ауданында «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының марапаттау шарасы өтті

0 23
Сарысу  ауданы әкімдігінде «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің биылғы жеңімпаз және жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.
Аудандық байқауда мерейі үстем болған отбасыларды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов марапаттады.
Сондай ақ, байқау қорытындысы бойынша аудандық кезеңде бірінші орынды Әбеновтер отбасы, екінші орынды Шырынбек отбасы және үшінші орынды Минасиповтар отбасы иеленіп, облыстық байқауға Әбеновтер және Шырынбек отбасылары жолдама алды.
Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасылық құндылықтарды нығайту, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау, ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, рухани байлықты, адам бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында өткізіліп келе жатқан шара.
Leave A Reply

Your email address will not be published.