Сарысуда бөдене құсын өсіру бизнеске айналып келеді

0 63
Бөдене құсын өсіру, жұмыртқасын өндіріп сату табысты бизнеске айналып келеді.
Қазіргі кезде отандық өнім өндірушілер аталған құсты өсіріп, жұмыртқасын өндіріп сатуға ден қойған.
Жалпы, мамандар бөдененің еті мен жұмыртқасын жоғары бағалайды. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа және емдік қасиеттері бар. Тыныс жолы демікпесі, асқазан аурулары, бүйрек, бауыр, жүйке, жүрек, қан тамырлары және тағы басқа ауруларға пайдалы.
Адамның ой қабілетін арттырып, денсаулығын нығайту үшін таптырмайтын өнім.
Жаңатас қаласының тұрғыны Айтбай Оразалин Төлендіұлы жыл басынан бері бөдене өсіріп, жұмыртқасын өндірумен айналасады.
Ол осы жоба аясында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекеттік қолдауға ие болып, қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражатын алған.
— Мен қайтарымсыз грант қаражатын алып, жыл басынан бері осы кәсіппен айналысып келемін. Бүгінде бұл біздің отбасылық кәсібімізге айналды. Қазіргі таңда 300 бас бөдене ұстап отырмын. Бөдене құстар арасында жұмыртқаны тез береді. Бір жұмыртқаның бағасы 50 теңге. Тұрғындардан сұраныс көп, — дейді жеке кәсіпкер Айтбай Оразалин.
Шағын құстан мол пайда табуға болатындығына көз жеткізген Оразалин Төлендіұлы кәсіп аясын кеңейтіп, алдағы уақытта құс басын көбейтуді көздеп отыр.
Бұл аудан тұрғындары үшін бөдене жұмыртқасы алыстан іздемей, жақыннан алуға үлкен мүмкіндік болмақ.
Leave A Reply

Your email address will not be published.