Халқымыздың санының өсуі — келешектің кілті, болашағымыздың бастауы

0 4
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауын ерекше қызығушылықпен тыңдадық. Мен үшін де, ел үшін де тың, өзгеріс пен жаңашылдыққа толы, жаңа Қазақстанға жаңа бетбұрыс жасаған жолдау болды деп бек сенімді айтамын.
«Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс.  Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің атап өтуінше, өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар.
Халықтың саны өскенге байланысты әлеуметтік жағдайды жақсарту, қара халықтың тіршілігін түзеу үшін жасалғалы тұрған игі істердің енді уақытылы жүзеге асып, орындалуын тағатсыздана күтеміз.
Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна, Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің белсенді мүшесі
Leave A Reply

Your email address will not be published.