Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде ағымдағы жылдың 3 жұлдызында Жамбыл облысы Дін істер басқармасының теологы Сейтқази Мұстафа келіп, сотталғандарды «өзге дін өкілдерімен қарым қатынастағы пайғамбарлық үлгі Ислам дінінің қазақ жеріне келуі» атты тақырыпта сұхбат жүргізді.
Бүгінгі таңда діни радикалдану белгілерінің бірі болып табылатын құбылыс ол — мазхаб мектептеріне сыни қарау немесе хадис үкімін жоғары қою түсініктерімен тікелей байланысты. Кейбір діндар азаматтар діннің негізгі принциптері «құран және сүннет» болса, онда сүннетті бізге сипаттайтын бірден бір құрал ол-хадис деп түсіндіреді.
Әрине бұндай тұжырым сырттай қарағанда орынды болып табылғанымен, бұның астарында көптеген меңгеру қажет болған дүниелер жатыр. Міне, осылайша олар адамдардың ақиқаттан жырақтауының, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан негізі, берік ғылыми әдістемеден, жүйеден ауытқуына себепші болып отыр. Сотталған азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.