Талай ауылдың түлеуіне серпін берген «Ауыл аманаты» жобасы Қордайда табысты іске асуда. 2023 жылы 3 ауылдық округ қатысып, 1,9 млрд. теңгеге 354 ауыл тұрғындарын 2,5%-бен несиелендірілу жоспарланған. Жобаның бүгінгі жай күйі туралы аудан әкімі баяндады, — деп жазады «ZhambylNews» АА.
— Бүгінгі таңда Кенен ауылдық округінде мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 73 азамат, Қарасу ауылдық окургінде 69 азамат, Қаракемер ауылдық окургінде 137 азамат несие алды. Олардың алды қазір табысты кәсібін бастап үлгерді,-деген аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы ауылшаруашылығы саласының дамуын да атап өтті:
Агралы саналатын Қордай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 609 мың 175 га құрайды. Күздік бидай – 25941,9 гектар жерге себілді, жаздық арпа 39399,3 га, дәндік жүгері 8044,9 га, майлы дақылдар 298,3 га, қант қызылшасы 357 га, картоп 3264,6 га, көкөніс 4069,1 га, бақша 357 га, мал азықтары 36517,5 га, сүр 10 204 га құрап отыр. Қазір масақты дақылдардың 65 341 гектары толығымен орылып, 60 767 тн астық бастырылды. Аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 9,3 центнерден айналды. 1617,8 млн. теңгеге барлығы 261 бірлік техника алынды,-деді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.