Қордайда «Жайлы мектеп» жобасы табысты жүзеге асырылып жатыр

0 25

Қордай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш ауылда мектеп құрылысы жүріп жатыр. Ал 2024 жылы 900 орындық білім ұясы бой көтермекші, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

2023 жылы Қордай ауданында жалпы 30 жобаға бюджеттен 9,6 млрд. теңге бөлініп, іске асырылған. Оның 21-нің құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс болса, 9 нысан 2024 жылға өтпелі.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында Қаракемер, Қарасу ауылдарындағы 300 орындық мектеп және 1 жоба — Бәйтерек ауылындағы 150 орындық мектеп құрылыстары жүруде. Одан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2024 жылы Қордай ауылында 900 орындық мектептің құрылысын салу жоспарланған. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі аталған сала бойынша кеңірек тоқталды:
-Президент Жолдауында миллионға жуық адам тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болғанын атап өтті. Мұнда Қордай ауданы да қалыс қалған жоқ. Аудан азаматтарын тұрғын үймен қамту мәселесіне тоқталатын болсам, тұрғын үй кезегінде 2321 азамат кезекте тіркелген. Қазіргі таңда аудан бойынша 60 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 576 млн. теңге қаражат бөлінді. Осы жоспарды орындау мақсатында арнайы 4 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үйдің эскиздік жобасы әзірленді. Әр пәтердің көлемі 58 шаршы метрді құрайды. Осы жоба аясында мердігер анықталып, қазіргі таңда Қордай ауылында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып, 30 пәтер сатып алынды, қалған 30 пәтер жыл соңына дейін сатып алынып қолданысқа беріледі. Одан бөлек, «Асар» жобасы аясында 2023 жылға 16 аз қамтылған отбасыны жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде 3 жаңа құрылыс, 9 сатып алу, 4 күрделі жөндеу арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі күнге 8 тұрғын үй қолданысқа берілді. Осы орайда «Асарлатқан» ағайынға айтар алғысымыз шексіз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады,-деді Ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.