Барыс Есдәулетұлын еске алуға арналған шахмат турнирі өтті

0 11

Дәрігердің жұбайы Мария Ахметова мен артында қалған ұлдары¬ның, сонымен қатар «Фос¬форит-Шәріп» қорының ұйымдас¬тыруымен ауданның Құрметті азаматы Барыс Есдәулетұлын еске алуға арналған шахматтан облыстық ашық турнир өтті.
Шараның ашылу салта¬на¬тында сөз алған аудан әкі¬мінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова, аудан¬дық арда¬гер¬лер кеңесінің тө¬рағасы Жұмабек Әсемов, универ¬ситетте бірге оқып, қатар жүріп араласқан Тынысбек Кенбаев марқұм-ның кісілік келбеті мен адамгершілік қасиеттеріне тоқталды.
Салтанатты рәсімнен соң Барыс Есдәулетұлының рухы¬на дұға бағыштап, дәм берілді.
Аудандық орталық кітапха¬наның оқу залында Тараз қаласы, Сарысу, Байзақ, Жуалы, Меркі аудандарынан кел¬ген спортшылармен қатар, жер¬гілікті ойыншылар бас қосты. Бә¬секеге түскен 35 шахматшының арасында жарыстарға қатысып, шыңдалған жастар да, тәжірибесі мол аға буын өкілдері де болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айтқазы Баймурзин төрешілік жасаған турнирде жас ерек¬шелігіне шек қойылған жоқ. Кей кездесулерде жасы үлкен¬дермен бақ сынаған балғын спорт¬шылардың бәсі басым болса, кейде ардагер ойыншылардың әдіс-тәсілі озып жатты. Дегенмен Швецариялық жүйемен өткі¬зілген жарыс барысында тараз¬дық шахматшылардың ойын шеберлігін айта кету керек.
Екі күнге созылған турнир қо¬рытындысы бойын¬ша 1-орынды тараздық Телбай Садықов ие¬лен¬се, 2-орынға меркілік Тынысбек Кенбаев тұрақтады. Ал, об¬лыс орталығынан келген жас шах¬матшы Бибісара Айбылайқызы үздік үштікті түйіндеді.
Сонымен қатар марапаттау рәсімінде үздік ойын көрсеткен ардагер мен жас шахматшылардың есімдері аталды. Тұғыр биігінен көрінген спортшылар мен ойын өрнегімен ерекшеленген шахматшыларға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Одан бөлек, өзге ауданнан келіп турнир көрігін қыздырған балғын спортшыларға арнайы сыйлықтар берілді.
Жарыс соңында Мария Ахметова, ардагер спортшы бақыт Сарыбаев, Жаухар Дәуренбекова бағын сынаған барлық спортшыларға ри¬зашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.