«Қызығы мен қиыншылығы мол кітапханашы» атты мерекелік іс-шара өтті

0 10

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.

Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Қазіргі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, сонымен қатар кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы.

Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 24 қазан күні «Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, Талас аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Coworking» залында «Қызығы мен қиыншылығы мол кітапханашы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Талас ауданы әкімінің орынбасары Абдибекова Айтолқын Серікқызы кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтады.

Кітапханашыларға арналған іс-шарада мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері ән айтып, мың бұрала би биледі.

Сонымен қатар, іс-шара соңында Аудандық кітапхана директоры Жумабекова Шынар Шеңгелбайқызы сөз сөйлеп, мектеп кітапханашылары мен колледж кітапханашыларын құттықтап алғыс хаттармен марапаттады.

Кітапханашылар5f Облыстық «Шоқан Уәлиханов» атындағы облыстық әмбебап кітапханасының алғыс хаттарымен, Аудан әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хатымен, Айта кетейік, Талас аудандық «Amanat» партиясының құрмет грамоталарымен сондай ақ, Республикалық және Облыстық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен, Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің құрмет грамоталарымен, Аудандық кітапхананың тарапынан алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Ұжымның атынан Құрметті әріптестер,
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Бүгінгі дамыған нарық замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, сонымен қатар кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы.
Кітапханашы әріптестерімізге кәсіби шеберлік пен парасаттылық еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

Кітапхана қызметкерлері барлық жұртшылық үшін рухани жаңалық алаңы, жаңа леп, жайсан көзқарас жаршысы. Адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерлерінің үлесі зор!

Leave A Reply

Your email address will not be published.