Бүгін — Ұлттық валюта — теңге күні, ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Мерекеге орай аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков бірқатар азаматтарды ауданға сіңірген еңбегі үшін белгісімен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттады.
Төл теңгемізге 30 жыл толды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілген еді.
Көркемдігі жағынан қазақ ақшасы халықаралық байқауларда 5 мәрте үздік атанып, 20-дан астам марапатқа ие болды. 1993 жылы қарашада ұлттық валютаның айналымға енгізілуі Қазақстанға өз қаржы нарығын құруға, дербес ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.