Талас ауданында әдеп кодексі туралы жиналыс ұйымдастырылды

0 18

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Қаратау қалалық №12 өрт сөндіру бөлімі, Ақкөл ауылдық №13 өрт сөндіру бекеті және Қаратау қалалық жедел құтқару жасағының жеке құрамымен «Аманат» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ғ.Сыздықов, аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен Қаратау қалалық №12 өрт сөндіру бөлімі, Ақкөл ауылдық №13 өрт сөндіру бекеті және Қаратау қалалық жедел құтқару жасағының жеке құрам қызметкерлеріне жеке құрам арасындағы қылмыстармен құмар ойын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеу, алкогольдік жағдайда автокөлікті басқару кездегі оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ, Әдеп кодексі туралы жиналыс ұйымдастырылды. басқосуға арнайы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қожахметов Мадияр Қырықбайұлы сондай ақ, жеке құрамға жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеу, алкогольдік жағдайда автокөлікті басқару және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша дәріс оқыды, сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың дәрігер психиатр-наркологы Жаңабай Толқын, орталық аурухананың психолог-маманы Назгүл Қасымбекова құмар ойындардың зардаптары, алдын алу, маскүнемдік және есірткі заттарын қолданбау тақырыбына кеңінен тоқталып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.
Сонымен қатар Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытталған.
Кодекстің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында көпшіліктің қарауына, назарына қолжетімді жерлерде орналастырылады.
Осы Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті.
Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әде¬бінің стандарттары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.