Талас ауданында биыл 18 2000 тонна мал азығы дайындалған. Оның 5573 гектары көпжылдық шөп, 18548 гектары шабындық .
2023-2024 жылғы мал қыстату науқанына дайындалатын ірі сабақты мал азығы жоспары 182000 тонна. Барлық мал азығы дайындалатын жер көлемі – 24121 гектарды құраған. Бүгінде қажетті көлем әзір.
2023 жылдың өнімі үшін барлығы 14206 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды және 1453 га пар дайындалды. Яғни, барлық егістік жердің 74 % игерілді. Оның ішінде: күздік бидай 5000 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 5573 гектарды құрайды.
Көктем айларында 4833 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде: 1600 гектар жаздық арпа, 500 гектар дәндік жүгері, 750 гектар мақсары, 50 гектар күнбағыс, 92 гектар қант қызылшасы, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 211 гектар көкөніс және 1200 гектар көпжылдық шөп себілді. Көктемгі егіс-дала жұмыстары 102 % орындалды. «Кең дала» несиелік бағдарламасы бойынша Бостандық ауылдық округінен «Жаңалық» шқ 3,7 млн.теңге, «Демеш» шқ 8,4 млн.теңге қаржы алды. Күзгі егіс-дала жұмыстары жалғасуда.Қазіргі уақытта 5000 га күздік бидай, 1600 га жаздық арпа, 130 га картоп, 300 га бақша және 212 га көкөніс алқаптарынан өнім алынды.
2024 жылдың өнімі үшін барлығы 14360 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылады және 1400 га пар дайындалады. Яғни, 2023 жылмен салыстырғанда мақсары 50 га-ға, көкөніс 39 га-ға және көпжылдық шөп 207 га-ға ұлғаяды деп жоспарлануда.
Айта кету керек ауданда ауылшаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайып, мал басы артқан.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.