Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Каспакбаев Асубаев Бахыт Сатбаевичке «Қордай ауданына еңбек сіңіргені үшін төсбелгісін» табыстады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бахыт Асубаев көп жылдар бойы қайырымдылық шараларымен айналысып келеді. Мұқтаж отбасыларға азық- түліктермен, қаржылай көмектер, тұрғын үйлермен және басқа да тұрмыстық қажеттіліктер бойынша кәсіпкерлерді жұмылдыра отырып көмек көрсетіп келеді. Қайырымдылық іс шараларды тек Қордай ауданында емес, Жамбыл облысының және Алматы облысының аумағында да өткізіп келеді. Бүгінгі таңда осы Бахыт Асубаевтың ұйымдастыруымен «Асарлатып үй беру» жобасы аясында жалпы аудан бойынша 70-ке жуық отбасы баспаналы болды.
Өз кезегінде Бахыт Асубаев ауыл әкіміне және барша жұртқа алғысы мен ізгі тілектерін білдірді.