«Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Мансап орталығының» Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалымен бірлесіп өткізген бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – NEET санатындағы, пробация есебінде жүрген және 35 жасқа дейінгі жастарды тиімді және тұрақты жұмыспен қамту.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастарға өңірдегі жұмыс берушілерден түрлі жұмыс ұсыныстарын зерттеуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шара жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кең таңдау арқылы олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға көмектеседі.