Қордай ауданында кеңестің II отырысы өтті

0 3

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің II отырысы өтті.

Кеңес отырысына аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшысы, аудандағы ҮЕҰ жетекшілері, аудандық этномәдени бірлестік жетекшілері қатысты.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбет Біржан Әбдікерімұлының , «Мол нәсіп» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жайлаубекова Дариякуль Айдаралиевнаның, «Іскерлер әлемі» корпоративтік қорының жетекшісінің м.а. Таурбаева Индира Айдаровнаның, «Сезім «мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Вебер Наталья Николаевнаның 2023 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды.

Кеңес барысында қатысушылар пікір алмасып, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай ҮЕҰ жетекшілері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды аудан тұрғындарына көрсету мақсатында әлеуметтік желіде ресми парақшаларын ашып, тұрақты түрде мәліметтер жариялап тұру туралы ұсынысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.