Сарыбұлақ және Степной ауылдарында су құбырын жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

0 2

Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша тапсырмасы Қордай ауданында кезең-кезеңімен іске асуда.

Өткен айда Қарасу ауылында жаңа су құбыры қолданысқа берілсе, Ноғайбай, Степной және Сарыбұлақ ауылдық округтеріндегі су құбырларының құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып отыр.

Аудан әкімінің күн тәртібінен түспейтін маңызды нысандардың құрылыс барысы тұрақты бақылауға алынған. Арнайы құрылған жұмыс тобы бүгін Сарыбұлақ және Степной ауылдарына арнайы барып, жұмыс барысын бақылап қайтты. Екі ауылда да мердігер мекемелер жұмысты 95 пайызға аяқтап, жыл соңына дейін қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда резервуардың қабырғалары аяқталып, электр желілерін тарту, арнайы құрылғылар орнату жұмыстары қолға алынуда. Тіпті аумақты абаттандыру жұмыстары да қолға алынған.

Топ мүшелері құрылысты жүргізген мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, қалған жұмыстарды жедел әрі сапалы аяқтау жөнінде ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.