Оқушылыр ауыл шаруашылығының дамуына үлесін қосатын инновациялық жоба ойлап тапты

0 23

Жамбыл ауданының Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Жарқынбек Сабина мен Әсембек Маралбек өздерінің туған мекендерінде су тапшылығы мәселесі болғандықтан, құрғақшылықта ауыл шаруашылығының дамуына үлесін қосатын инновациялық жоба ойлап тапты.

Бұл жоба ауыл шаруашылығымен айналысатын фермерлер мен кәсіпкерлер үшін таптырмас шешім болып отыр. Өздерінің гидропоникалық жолмен өсірілген өсімдіктері дәстүрлі түрде өсірілген өсімдікктерге қарағанда жоғары сапаға ие болуына байланысты, бұл технология жергілікті кәсіпкерлердің қызығушылықтарын туғызуда.

«Өсімдіктерді гидропоникалық жолмен өсіру — Қазақстанның басқа су тапшылығы басым аймақтарында ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер үшін оңтайлы шешім болмақ. Сонымен қатар, малға арналған жем-шөп 7 күнде дайын болатындықтан, бордақылаумен айналысатын фермерлер үшін де бұл жоба — таптырмас мүмкіндік»,- дейді жас зерттеушілер.

Ал, жоба жетекшісі Айтекова Анар Рәпілбекқызының алдағы уақытта бұл инновациялық жобаның іске асатынына және еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге зор үлесін қосатынына сенімі мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.