Сарыөзек ауылы жастарына кіші футбол алаңы өз қақпасын ашты

0 41

Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Сарыөзек ауылы тұрғындарының көптен күткен қуанышы, аудандық бюджеттен балаларға арналған заманауи футбол ойын алаңы бүгін ауыл халқы мен балаларының игілігіне пайдалануға берілді.


Шалғай ауылдың қуанышын бөлісуге Мойынқұм ауданының әкімі Ә.Балқыбеков арнайы барып, өзінің құттықтау сөзінде Сарыөзек ауылының аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардың бірі екенін, дегенмен мұндағы жастар мен бүлдіршіндер де бұқаралық спортпен айналысуы үшін бюджеттен арнайы қаржы қаралып, бүгін алаңша пайдалануға беріліп отырғанын қуанышпен жеткізді. Жалпы соңғы жылдары ауданда бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөлінуде. Биыл ауданда жыл басынан Мыңарал және Ұланбел ауылдарында демеушілер есебінен футбол алаңдары берілсе, аудандық бюджет есебінен Ақбақай ауылынан кейін Сарыөзек ауылында футбол алаңы ел игілігіне берілгелі жатқанын алға тартты.
Ойын алаңының ашылу салтанатында Мойынқұм ауданы әкімі Ә.Балқыбеков пен Сарыөзек ауылының ақсақалы А.Бекқожаев бірге алаңның лентасын қиды.
Одан кейін Сарыөзек ауылының ақсақалы А.Бекқожаев ақсақал өз құттықтау сөзін айта келе елімізге тыныштық пен бейбіт өмір тілеп өз батасын берді.
Әжелеріміз жаңа ашылған ойын алаңына тәттіден шашуын шашып балалардың қуанышын бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.