Таразда 10 жасар қырағы бала полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектесті

0 3
Қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан шақырту түсті. Әйел үйдің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлады.
Ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тергеу іс — шаралары барысында қылмыстың куәгері — жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар баланы анықтады. Ол полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты нақтылап айтып берді.
Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.