«Қоғамдағы әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін ілгерлетудегі прогресс»  

0 2

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған негізгі халықаралық келісімдер мен құжаттарға қатысушы ел болып табылады. Бұл гендерлік даму саласындағы сәтті реформаларды көрсетеді. Мемлекетіміз әйелдерге қатысты барлық нысандардағы кемсітушілікті жою туралы Конвенцияны және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасын қоса алғанда, негізгі халықаралық құжаттарды ратификациялады.

Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды (82,0%), Ұлытау (79,4%) және Ақтөбе (75,6%) облыстары құраса, ең төменгі үлесті Алматы (19,4%), Түркістан (25,1%) және Жамбыл (43,8%) облыстары құрайды.

Қазақстанда, соның ішінде біздің облыста әйелдердің саяси өмірге қатысу деңгейі өсіп келеді.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 35 депутаттың 9-ы (25,7%) әйелдер болып табылады.

Әйелдердің мемлекеттік, өкілдік және сот органдарындағы шешім қабылдау деңгейіндегі үлесі, мемлекеттік және квази-мемлекеттік облыстық мәслихатта (2022 жыл — 24,5%) 2023 жылы — 25%, 2024 жылы — 25,3%, 2025 жылы — 25,5%, 2026 жылы — 26,0%, 2027 жылы — 27,0%, 2028 жылы — 28,0%, 2029 жылы — 29,0%, 2030 жылы — 30,0% болып күтілуде.

Әйелдер Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады.

Шағын және орта бизнестің шамамен 44%-ын әйелдер басқарады, бұл көптеген жұмыс орындарын ашуға және экономиканы нығайтуға ықпал етеді. Мемлекеттік бағдарламалар, мысалы, «Дорожная карта бизнеса — 2020», әйелдер кәсіпкерлігін белсенді түрде қолдайды, субсидиялар мен арзан несиелер ұсынады.

2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыспен қамту органдарының ықпалымен белсенді жұмыспен қамту шараларына барлығы 62 651 адам, оның ішінде 33 344 әйел тартылды.

Атап айтқанда, 18 128 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды,              1 688 әйел онлайн оқытуға жіберілді, 1 638 түлек жастар практикасына, 365 әйел әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 009 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

16 әйел кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға «Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жіберілді, 896 әйел — «Күміс жас», 633 әйел — «Алғашқы жұмыс орны» және 2 514 әйел — «Бастау — Бизнес» жобаларына қатысуда. Олардың ішінде 601 әйел тегін гранттар алды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгертулер енгізілді, бұл өзгерістер зардап шеккендерге арнайы әлеуметтік қызметтер мен өтемақылар алуға мүмкіндік береді.

Уәкіл институты отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы баяндаманы дайындады. Онда елдегі жағдай, халықаралық тәжірибе және бұл құбылыспен күресуге бағытталған ұлттық шаралар талданған. Баяндаманың ішіне гендерлік кемсітушілікті жою және теңдік мәдениетін дамытуға арналған мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар енгізілген. Кейбір ұсыныстар қазірдің өзінде іске асырылды: отбасылық зорлық-зомбылыққа жауапкершілік күшейтілді, қылмыстарды алдын алу және зардап шеккендерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және гендерлік теңдікті ілгерілету саласындағы Қазақстанның жетістіктері — бұл тұрақты мемлекеттік саясат пен азаматтық қоғамның белсенді қатысуының нәтижесі.

Мемлекетіміз барлық салаларда әйелдердің позицияларын нығайтып, теңдік пен әділдік принциптеріне адалдығын көрсетіп, алға басуды жалғастыруда.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Тілешұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.