Аймақта көлік логистика саласы дамып келеді

0 5

Жамбыл облысында көлік-логистика саласы дамып келеді. Қазірдің өзінде облыс орталығында тұрғындардың қауіпсіздігі мен көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға бағыттарған жұмыстар атқарылуда. Жақында Абай даңғылының бойындағы теміржол үстінен өтетін көпірдің іргетасы қаланды. Сондай-ақ, Жамбыл даңғылы мен Спатай батыр көшесіне дейін созылатын жол өткелінің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Таразда іргетасы қаланған жол өткелінің ұзындығы 0,946 шақырымды құрайды. Бас мердігер «Қазақдорстрой» ЖШС барлық сапа стандарттарын сақтай отырып, озық инженерлік технологияларды қолданатын болады.

Нысан екі жеделсатымен жабдықталады. Сондай-ақ бағдаршам орнату, аумақты абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жол өтпесі қала орталығын теміржол желісінің арғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйлермен байланыстырып, қаланың транзиттік көлік қозғалысын жеңілдетеді.

Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы логистиканы жақсартуға, көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы әрқашан өзекті екенін атап өтті. Президент тапсырмасы бойынша бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырудың арқасында өңірлерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда.

Тараз аумағы кеңейіп, қалаға Байзақ және Жамбыл аудандарынан 14 елді мекен қосылып, халық саны 480 мың адамды құрады, бұл, әрине, көлік ағынының артуына әсер етеді. Облыс орталығында Әулиеата және Жібек жолы атауымен екі әкімшілік аудан құрылды. Жаңа көпір қос аудан арасындағы қосымша байланысты қамтасыз етіп, аймақта көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді, — деген болатын Ербол Қарашөкеев.

Айта кету керек бұдан өзге, облыс орталығында тағы бір жол өткелінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.