Ұлы Жеңістің 80 жылдық атаулы күніне орай Тамды, Есейхан, Қараой кітапханаларының ұйымдастыруымен Amanat партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Бабалар рухына тағзым» атты патриоттық кеші Есейхан ауылдық мәдениет үйінде өткізілді.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және соғыс кезіндегі жауынгерлеріміздің ерлік істерімен таныстыру мақсатындағы мәдени шарасына «Қаратау», «Бірлестік» және «Қойкелді» орта мектептерінің оқушылары белсене атсалысты. 10 сынып оқушылары М.Мақатаевтың «Соғыстың соңғы көктемі» поэмасынан көрініс қойып, Алдияр Сәттұрсын «Майданға, майданға, майданға!» атты К.Ахметованың поэмасын оқыды. Қазақтың атын шығарған аяулы қызымыз Мәншүк Маметоваға арналған «Мәншүк» поэмасынан «Бірлестік» орта мектебінің 9- сынып оқушысы Сәрсен Әмина көрініс көрсетті. «Қойкелді» орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары соғыс кезіндегі халықтың сүйіп тыңдаған «Смуглянка» әніне би биледі. «Тарих болды,ол күндер» атты кітап көрмесі, «Мәңгілік алау» кітап инсталляциясы ұйымдастырылып, «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты ауылдан соғысқа аттанған жауынгерлерге фото стенд жасалды.
Боздақ бабаларымыздың қанымен келген Ұлы Жеңістің құрбандарына тағзым еткен оқушылар Отанымызды сүйіп, қастерлеуді көкейлеріне түйді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.