Талас ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

0 3

2025 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №829 Жарлығы негізінде Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімәжитұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.

Салтанатты рәсім барысында 5 ана «Алтын алқа», 11 ана «Күміс алқа» иегері атанып, оларға лайықты құрмет көрсетілді. Бұл марапаттар – ұрпақ тәрбиесіне, ел болашағына сіңірген еңбектің жарқын көрінісі.

Талас ауданының әкімі Н. Жүнісбеков аналарды шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.