Таразда креативтік индустрия өкілдері форумының аясында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды

0 2
Таразда креативтік индустрия өкілдері форумының аясында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды.
Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» Қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев арнайы қатысты.
Серік Жақсылықұлы өз сөзінде аталмыш хабтың ашылуы – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі екенін атап өтті.
«Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шеберді біріктіріп, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Аталған нысан Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ.
Айта кетейік, Тараз – Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болған алғашқы әрі жалғыз қазақстандық шаһар. Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалаларының тізіміне ену үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.