Құрмет төрінде үздік кәсіпкерлер

0 3

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасы «Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласында жиын өтті.
«Үздік кәсіпкер, ірі тұлға» атты мереке­лік конференцияға ауданымыздан кәсіпкер­лер шақырылды. Кәсіпкерлік саланың түрлі бағытында қыз — келіншектердің белсенділігі күн өткен сайын артып келе жатқандығы белгілі. Солардың қатарында істің көзін тауып, жеке кәсіпкерлігін дөңгелетіп жүрген азаматшалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Шара барысында белгілі кәсіпкер, Қаратау және Тараз қаласында орналасқан «Диас» көтерме маркет сауда желісінің иесі Кенжехан Байтыкова және тігін өндірісі бойынша кәсібін дөңгелетіп отырған Гүлім Балықбаева «Үздік кәсіпкер» номинациясымен марапатталды.
Кенжехан Байтыкова алғаш өз ісін 1993 жылы бастап, Қаратау қаласында азық-түлік дүкенін ашқандардың бірі. Қазіргі уақытта Қаратау қаласында орналасқан, 3600 шаршы метрді құрайтын «Диас» көтерме маркет дүкенін басқаратын кәсіпкер 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер, сонымен қатар қайырымдылық жасаудан жалыққан емес.
Ал, өзі таңдаған модельер мамандығын кәсіпкерлік бағытта іске асырып жүрген Гүлім Балықбаева тігіншілікпен айналысады. Ол 2021 жылы Бизнес бастау бағдарламасына қатысып, мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып, сол қаражатқа Қаратау қаласынан кішігірім тігін цехін ашқан болатын. Кәсіпкер қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып, осы бағыттағы жұмысын жетілдіру үстінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.