Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2025 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес, облыстың аумақтық қорғанысын дайындау шеңберінде 2025 жылдың 19-28 мамыры аралығында Талас ауданының аумақтық қорғаныс батальоны бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен (85 адам) «Талас-2025» тексеру жиыны жүргізілуде.
Тексеру жиынының негізгі мақсаты, аумақтық қорғаныс бөлімшелерін бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру кезінде лауазымды тұлғалардың өз функционалдық міндеттерін дұрыс түсінуі мен толық білуіне қол жеткізу және аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау бойынша тәжірибе бере отырып, әскери міндеттілердің практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру.
Тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілермен жауынгерлік дайындықтан және табельдік қарудан оқ ату жаттығуларын практикалық орындау бойынша сабақтар жүргізіліп, 2025 жылдың
28 мамыры күні аумақтық қорғаныс ротасының бөлімшелерімен тапсырылған нысандарды күзету және қорғау бойынша арнайы тактикалық оқу жаттығу өткізілді.