Құқық бұзушылықтың алдын алу — ортақ міндет

0 4

«Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан аумағындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Қауіпсіз орта-біздің ортақ мақсатымыз», «Қоғамдық тәртіп-әр азаматтың міндеті», «Буллинг-зорлықтың жасырын түрі», «Есірткімен құқық бұзушылық-болашағыңды бұлтартатын жол» тақырыптары бойынша өткен шараларға оқушылар мен арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері қатысты. Аталмыш шаралардың барлығы Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.
Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, оларды заңға қайшы әрекеттерден сақтандыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы өз рөлін сезінетін, белсенді, саналы азамат қалыптастыру. Жастардың бойында жауапкершілік, өз іс-әрекетіне баға бере алу қабілетін дамыту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткен кездесулер барысында жасөспірімдерге құқық қорғау саласының мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық жауапкершілік, әкімшілік құқық бұзушылық түрлері және олардың салдары туралы кеңінен мәлімет берілді.
Аудан көлемінде өткізілген бұл түсіндіру шаралары жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың заң талаптарына бейімделуіне оң ықпалын тигізді. Қатысушылар құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі туралы маңызды мағлұматтар алды. Мұндай алдын алу шараларының жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, саналы әрі жауапкершілікті тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор деп білеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.